Қазақстан футзал құрамасы жолдастық кездесуде Иранды жеңді

245

Келесі кездесуде кім жеңеді?

Қазақстан футзал құрамасы жолдастық кездесуде Иранды жеңді Фото: nur.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасы Иранмен алғашқы жолдастық кездесуде 4:1 есебімен жеңіске жетті. Енді ел құрамасы аталған қарсыласымен 1 қыркүйекте тағы бір мәрте жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Ойын барысында қазақстандық Жахангир Рашит, Дуглас Жуниор, Ақжол Дәрібай, Шыңғыс Есенаманов гол соқса, оған ирандық футзалшылар бір гол соқты.

Жиынның қорытынды кезеңі Алматыда 6-10 қыркүйек аралығында болады. 7 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Аргентинамен шеберлік байқасады.

Айта кетсек, биыл әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтеді.

Қазақстан құрамасы Испания, Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларымен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу