Қазақстан футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде Португалиямен кездесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Әндіжандағы ойын өте тартысты өтті. Себебі Қазақстанның қарсыласы анау-мынау емес, 2021 жылғы әлем чемпионы болатын. Алайда футзалшыларымыз оған қараған жоқ.
Ойынның басынан басымдық танытып, Шыңғыс Есенаманов есеп ашты. Португалия да көп ұзамай жауап қайырып, Зикки 21-минутта гол соқты.
Кездесудің бітуіне небәрі 12 секунд қалғанда Дәурен Тұрсағұлов жеңісті жұлып әперді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы сенсациялық жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.
Енді Қазақстан ширек финалда Аргентина не Хорватиямен кездеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу