Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ГФР Сыртқы істер министрлігінің Еуропа бойынша статс-министрі Гюнтер Крихбаумды қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың әлеуеті мен ағымдағы жағдайы туралы талқылады.
Сонымен қатар Қазақстан мен Германия арасындағы диалогті нығайтуға бағытталған бірлескен күш-жігерді үйлестіру мәселелері де қарастырылды.
"Орталық Азия – Германия" форматы және басқа да халықаралық алаңдар шеңберінде тығыз ықпалдастықты жалғастыруға дайындық құпталды.
Германия дипломаты жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы әріптестікті одан әрі нығайту мақсатында бар күш-жігерін салуға дайын екенін растады.