Қазақстан грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионатында 2 алтын медаль жеңіп алды

436

Въетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионатында 2 алтын медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің шеберлері шықты. Қазақстан құрамасы 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) және Ислам Евлоев (97 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.

Ибрахим Нұрмұхаммед (72 келіге дейін), Әлихан Дурсунов (77 келіге дейін), Джохар Узаров (130 келіге дейін) күміс медаль еншіледі.

Ал Кирилл Минько (82 келіге дейін) қола медальға ие болды.

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты 1 маусымға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу