Бұл туралы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2024 жылы Әділет министрлігі арқылы халықаралық арбитраждар мен шетелдік соттардағы еліміздің өкілдігін қамтамасыз ету үшін бюджеттік бағдарлама бойынша 7,5 млрд теңге жұмсалды. Бұл сома республикалық бюджетте көрсетілген. Ешқандай құпиялылық жоқ", – деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында.
Ерлан Сәрсембаев тиісті қаражат былтырғы сот процестеріне бағытталғанын айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу