18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы хоккейден әлем чемпионатындағы үшінші матчта Қазақстан құрамасы турнир қожайындары – Түркия командасымен кездесті. Ойынның шамамен ортасына дейін есеп ашылмай, тек екінші кезеңде төрт минуттың ішінде қарсылас қақпасына үш шайба соғылды.
34-минутта Қазақстан құрамасының қақпасына буллит белгіленіп, айдын иелері оны сәтті орындады. Ал матчтың үшінші бөлігінде қазақстандық хоккейшілер тағы екі шайба салып, кездесуді 5:1 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Келесі ойында біздің қыздар бүгін, 23 қаңтарда Нидерланды құрамасына қарсы шығады. Матч Астана уақытымен 18:30-да басталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу