Қазақстан хоккейден Олимпиада жолдамасын ала алмай қалды

439

Олимпиада ойындарына Словакия жолдама алды. 

Қазақстан хоккейден Олимпиада жолдамасын ала алмай қалды Фото: Olympic.kz

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Братиславада (Словакия) өткен Олимпиадаға іріктеу турнирін аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Топтағы шешуші матчта Қазақстан құрамасы Словакияға қарсы ойнды. Екі команда да D тобында алты ұпайдан жинап, Венгрия мен Австриядан басым түскен болатын. 

Олимпиада жолдамасы топта жеңіске жеткен командаға ғана беріледі. Бұл кездесуде 3:1 есебімен Словакия құрамасы жеңіске жетті. 

Қазақстан сапынан жалғыз шайбаны Никита Михайлис соқты.

Осылайша, Олимпиада ойындарына Словакия жолдама алды. 

Айта кетелік, аталған турнирде Қазақстан Венгрияны 5:2, Австрияны 2:1 есебімен ұтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу