Қазақстан хоккейден Польшадағы әлем чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді

575

Қазақстан ерлер құрамасы хоккейден Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан IА дивизионындағы әлем чемпионатында жеңісті жолын жалғастырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан хоккейден Польшадағы әлем чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді Фото: olympic.kz

Үшінші матчта ұлттық құрама Польша хоккейшілерінен басым түсті.

Кездесудің алғашқы минуттарында алаң и елері есеп ашты. Екінші кезеңде қос команда да шайба соға алған жоқ. Үшінші кезеңнің ортасында Батырлан Мұратов таразы басын теңестірді.

Матчтың соңына қарай Семен Симонов Қазақстан құрамасын алға шығарды. Ал Кирилл Савицкий бос қақпаға шайба соғып, есепті 3:1-ге жеткізді. Ойынның аяқталуына санаулы секунд қалғанда Польша спортшылары бір шайбаның есесін қайтарды. Қорытынды есеп – 3:2.

Осылайша, Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін хоккейшілер Жапония мен Литва құрамаларын жеңген болатын. 9 ұпай жинаған команда турнир кестесінде көш бастап тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу