Қазақстан инфляциямен қалай күресетіні белгілі болды

230

Жыл басынан бері экономика 6,3%-ға өсті. 

Қазақстан инфляциямен қалай күресетіні белгілі болды Фото: freepik

Инфляция деңгейін бақылау және төмендетудің шаралар кешені қайта қаралады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Инфляцияны бәсеңдету мақсатында тарифтік саясатпен кешенде іске асырылып жатқан Инфляция деңгейін бақылау және төмендету бойынша шаралар кешені қайта қаралатын болады. Онда ішкі нарықтың теңгерімділігін қамтамасыз етуге, нарықты өніммен толықтыруға және өнім ағындарын болдырмауға баса назар аударылады. Инфляцияға қарсы саясаттың қосымша бастамаларының бірі инвестицияларға тапсырыс беру болады. Ол нарықты отандық өнімдермен толықтыру үшін көптеген шағын өндірістер құруды қамтамасыз етеді", – деді министр.

Серік Жұманғариннің пікірінше, тұрақты инфляциялық қысым жағдайында орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету өте маңызды. Осы жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,3%-ға жетті.

"Жыл соңына дейін ағымдағы өсу қарқынын ұстап тұру – басым міндет. Бұл ретте Үкімет пен Ұлттық Банктің жақын перспективадағы бірыңғай мақсаты – инфляция деңгейін 5-6%-ға дейін төмендету", – деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу