Қазақстан Иран мен Әзербайжанға астық жеткізуді қайта бастады

354

Былтыр елімізден 10,6 млн тонна астық тасымалданды, оның ішінде экспорт 8,1 млн тоннаны құраған.

Қазақстан Иран мен Әзербайжанға астық жеткізуді қайта бастады Фото: canva.com

Қазақстан халықаралық астық нарықтарындағы өз позициясын нығайтуды жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Экспорттық бағыттардың ішінде Өзбекстан (3,3 млн тонна), Қытай (1,7 млн тонна), Тәжікстанға 1,2 млн тонна астық жеткізілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. Қырғызстанға 140 мың тонна астық экспортталды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1,9 есе көп.

Иран мен Әзербайжан нарықтары қалпына келтірілді. Иранға астық жеткізу көлемі 2 есеге (526 мың тонна), Әзербайжанға – 1,8 есеге (211 мың тонна) өсті.

– 2024 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін 5 млн тонна жаңа астық тасымалданды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 50%-ға артық. Экспорт көлемі 57%-ға өсіп, 3,9 млн тоннаны құрады. Оның ішінде Өзбекстанға 1.5 млн тонна (өсім 45%), Тәжікстанға – 633 мың тонна (57%), Ауғанстанға – 190 мың тонна (51%), Қытайға 592 мың тонна (2%) экспортталды, – деп жазды ҚР АШМ– нан.

Иранға жеткізілім 30 есе артып, 455 мың тоннаны құрады, Әзербайжанға 188 мың тонна экспортталды (2023 жылдың қыркүйек-желтоқсанында жеткізілім болған жоқ).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу