Қазақстан Ирандағы өз азаматтарын шекаралас елдер арқылы шығармақ

131

Таяу Шығыстағы ахуалдың күрт шиеленісуіне байланысты Иран аумағында уақытша немесе тұрақты негізде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын шекаралас мемлекеттер арқылы шығару ұсынылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Ирандағы өз азаматтарын шекаралас елдер арқылы шығармақ Фото: bloomberg.com

"Иран Ислам Республикасының әуе кеңістігінің жабылуына және әуе қатынасының уақытша тоқтатылуына байланысты Иран аумағынан шығу мәселесін Иран-Әзербайжан, Иран-Армения, Иран-Түркия және Иран-Түрікменстан арасындағы құрлық шекарасы арқылы пысықтау мақсатында Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен байланысқа шығуларыңызды сұраймыз", – деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Қазақстан елшілігі Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтары үшін тәулік бойы жұмыс істейтін жедел байланыс желілерін іске қосты.

Қазақстан Республикасының Тегеран қаласындағы елшілігі:

  • Елшіліктің кезекші телефоны: +98 21 2256 5933
  • Мобильді телефон / WhatsApp: +98 936 208 4672

Қазақстан Республикасының Горган қаласындағы Бас консулдығы:

  • +98 912 298 0350 (ұялы телефон);
  • +98 173 252 0443 (жұмыс телефоны);
  • +7 701 771 34 01 (WhatsApp).

Қазақстан Республикасының Бендер-Аббас қаласындағы Консулдығы:

  • +98 930 298 57 03 (ұялы телефон, WhatsApp).

Қазақстан азаматтары консулдық көмекке жүгініп, өздерінің орналасқан жері мен жағдайы туралы хабарлай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу