Қазақстан Иранмен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

160

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан Иранмен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті Фото: СІМ

Иран тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Сұхбат барысында А.Аракчи қазақ әріптесін министр лауазымына тағайындалуымен және Республика күнімен құттықтады.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан-Иран ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, екіжақты қатынастарды одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге өз ұмтылыстарын растады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесін қарастырып, белсенді саяси диалогты жалғастыру жөнінде уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу