Қазақстан Израиль мен ХАМАС арасындағы келісімге қатысты өз ұстанымын білдірді

458

Еліміз әрдайым бейбітшілік жағында.

Қазақстан Израиль мен ХАМАС арасындағы келісімге қатысты өз ұстанымын білдірді Фото: gov.kz

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Біз Израиль мен ХАМАС арасында атысты тоқтату туралы келісімді қуаттаймыз. Қатар, Мысыр және АҚШ-тың ара ағайындық талпыныстарын жоғары бағалаймыз. Бұл күш қолдануды тоқтатып, кепілдегілерді босатуға, Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуді күшейтуге жасалған маңызды қадам. Қазіргі жағдайда бұл ауадай қажет шаралар. Қазақстан әрдайым бейбітшілік жағында. Бұл келісімдер қақтығысты ерте реттеуге жасалған қадамдардың негізін салды деп үміттенеміз", – деді ол Kazinform тілшісіне.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу