Қазақстан кәсіби бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков Жәнібек Әлімханұлының B допинг-сынамасының ашылғанын мәлімдеді.
B сынамасының ресми нәтижелері алынғанға дейін спортшы заңды түрде кінәсіз болып саналады. Айыптаушы сипаттағы кез келген жария мәлімдемелерді біз процестің әділдігіне қысым көрсету және спортшының құқықтарын бұзу деп есептейміз.
Федерация B сынамасының ашылуы мен талдануы бекітілген рәсімдерге толық сәйкес жүргізілуін, спортшы мен оның өкілдерінің процестің барлық кезеңдеріне және нәтижелеріне қол жеткізуін талап етеді. Регламенттен кез келген ауытқу нәтижелердің жарамсыз деп танылуына негіз болуы мүмкін.
Қазақстанның Кәсіби бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлын тіркелген кәсіби боксшы ретінде қорғауды жүзеге асырады және оның құқықтары мен беделін қорғау үшін барлық заңды тетіктерді қолданады.
B сынамасы таза деп танылған жағдайда, біз барлық айыптауларды ресми түрде алып тастауды, спортшының беделін жария түрде қалпына келтіруді және іс барысында жіберілген әрекеттерге құқықтық баға беруді талап етеміз, – дейді Рахымжан Ерденбеков.
Енді антидопингтік қызметтердің ресми қорытындысын күту ғана қалды. Қайта жүргізілген талдаудың нәтижелері Жәнібек Әлімханұлының алдағы мансабы үшін шешуші мәнге ие болып, оның спорттағы болашағын, сондай-ақ мүмкін болатын чемпиондық жекпе-жектер мен титулдардың тағдырын айқындайтын болады.