Қазақстандық спортшылар Қытайдағы әлем чемпионатының эстафеталық жарыстарында үш мәрте үздік ондыққа енді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ерлер арасындағы эстафетада Темірлан Абдраимов пен Лев Чувашов 7-орын алды.
Әйелдер арасындағы жарыста Аяна Қазбекова мен Юлиана Петрова 9-орынға тұрақтады.
Ал аралас эстафетада Кирилл Стадник пен Ярославна Понер 9-нәтиже көрсетті.
Енді Гуйян қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жекелей жарыстар басталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу