Қазақстан кофе экспорттайды

239

Әлемде кофенің бағасы қымбаттады.  

Қазақстан кофе экспорттайды Фото: mediatip.ru

Бұл Қазақстанды да айналып өткен жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Дегенмен, елде сергітетін сусынды тұтыну көлемі еселеп артып келеді. Бір айта кетерлігі, Қазақстан кофе импорттап қана қоймайды, сонымен бірге экспорттайтын елдердің бірі. Былтыр бұл көрсеткіш екі есе өсіп, 6,96 млн долларға жеткен. Кофе саудасының қызуына Ресей, Тәжікстан, Моңғолия тарапынан сұраныстың артуы себеп. Импорттаушылар қатарында Франция да бар. Бұған дейін Өзбекстан, Әзербайжан, Молдова, Грузияға жеткізілетін. Әлбетте кофе импорты да бәсеңдеген жоқ.

Былтыр Қазақстан 47 млн долларға өнім сатып алған. Бұл алдыңғы жылдан 67 пайыз көп. Бразилиядан тасымал 2 есе өсті. Жалпы құны 8 млн долларды құрайды. Негізгі жеткізушілер сапында Ресей, Италия, Эфиопия, т.б. елдер бар. Тек Угандадан әкелінетін кофе сұрпы сиреді. Осылайша былтырғы кофе нарығы 54 млн доллардан асқан. Сауда-саттық көлемі 71 пайызға өсті. Қазір елде 50-ден аса кофе түрі сатылады. 

Былтыр кофе саудасы 71,2%-ға өсті

Экспорт бойынша көрсеткіш:

  • Ресей – 6,25 млн (89,8%)
  • Қырғызстан – 323,2 мың (4,6%)
  • Моңғолия – 127,6 мың (1,8%)
  • Өзбекстан – 94,8 мың (1,4%)
  • Тәжікстан – 58,5 мың (0,84%)
  • Түрікменстан – 54,9 мың (0,79%)
  • Әзербайжан – 47,8 мың (0,69%)

Импорт бойынша көрсеткіш:

  • Бразилия – 15 млн (31,4%)
  • Ресей – 14,4 млн (30,2%)
  • Италия – 7,89 млн (16,5%)
  • Нидерланды – 1,4 млн (2,9%)
  • Эфиопия – 1,18 млн (2,5%)
  • Германия – 1,14 млн (2,4%)
  • Колумбия – 889,7 мың (1,9%)
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу