Қазақстан қой етін 14 елге, ал сиыр етін 8 мемлекетке экспорттайды

758

Еліміз жаңа нарықтарды бағындыруға ниетті.

Қазақстан қой етін 14 елге, ал сиыр етін 8 мемлекетке экспорттайды Фото: canva

Қазақстан өткен жылы жалпы 84 мың тонна ет экспорттады. Бұл 2024 жылға қарағанда 43 пайызға артық. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстандық еттің сапасы жақсы екені өздеріңізге белгілі. Қазақстан қой етін 14 елге, сиыр етін 8 мемлекетке экспорттайды. Бұл ретте ешқандай бәсекелестік көріп отырған жоқпыз. Көрші елдерге көлік логистикасы тұрғысынан бізден ет сатып алған тиімді. Себебі логистика баға белгілеуде маңызға ие", – деді вице-министр тілшілердің сауалына берген жауабында.

Аманғали Бердалиннің айтуынша, Қазақстан жаңа нарықтарды ашуға ниетті.

"Біз бәсекелестіктен қорықпаймыз. Біз жыл сайын жаңа нарықтар ашамыз. Биыл Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия нарықтарын ашқымыз келеді. Еттің көп көлемін Өзбекстанға, Тәжікстанға және басқа да елдерге жеткізіп отырмыз. Былтыр жалпы алғанда 84 мың тонна ет экспортталды. Бұл 2024 жылға қарағанда 43 пайызға көп", – деп атап өтті Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу