Қазақстан көкпардан финалға жолдама алды

4122

V-Дүниежүзілік көшпенділер ойынында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы финалға шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Қазақстан көкпардан финалға жолдама алды Фото: worldnomadgames

Қазақ көкпаршылары Ресей командасын 18:2 есебімен жеңіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына жолдама алды. Финалда Қазақстан көкпаршылары Қырғызстан мен Түркия арасында өтетін кездесуде жеңіске жеткен командамен алтын жүлдені сарапқа салады.

Астана қаласындағы "Қазанат" ипподромында өткізілген көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысуда. Барлығы 104 көкпаршы қатысқан додада – Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия көкпаршылары бағын сынап, атқа қонған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу