Қазақстан құрамасының үздігі кәсіби боксқа ауысты

381

Мұхамедсабырдың қарсыласы әзірге белгісіз.

Қазақстан құрамасының үздігі кәсіби боксқа ауысты Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының 63,5 келі салмақ дәрежесіндегі үздігі Мұхамедсабыр Базарбайұлы кәсіби бокс кешіне қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

Турнир Бангкок қаласында 1 ақпанда өтеді. Ұйымдастырушылары – қазақстандық Irfin Promotions промоушн-компаниясы және TL Boxing Promotion.

Мұхамедсабыр Базарбайұлы 2002 жылы 27 қарашада Қырғызстанда дүниеге келген. Осы уақытқа дейін сан алуан халықаралық жарыстарға, соның ішінде 2024 жылғы Париж Олимпиадасына қатысты. Сол кезде Базарбайұлы алғашқы жекпе-жекте испандық боксшы Ойера Конде Ибареччені айқын басымдықпен жеңген.

Ал ширек финалда грузиндік Лаша Гурулиге ұпай санымен жол беріп қойды. Қазақстанның ұлттық Олимпиада комитеті осы шешіммен келіспей, апелляцияға шағым түсірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу