Қазақстан Конституциясы Брайль қарпінде және аудионұсқада ұсынылды

109

Басылым қазақ және орыс тілдерінде Брайль қарпінде, сондай-ақ аудионұсқада әзірленді.

Қазақстан Конституциясы Брайль қарпінде және аудионұсқада ұсынылды Фото: Ақорда

Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған кітап апталығы аясында зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа басылымының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері қатысушыларды бедерлі-нүктелі қаріппен басылған кітаптарды дайындау үдерісімен таныстырып, олардың жасалу кезеңдерін көрсетті.

Жаңа Конституция ел дамуының жаңа кезеңін айқындайды. Тәуелсіздікті нығайтуға, саяси жүйені жаңғыртуға және қоғам дамуының жаңа үлгісін қалыптастыруға бағытталған құжат ретінде Ата Заңның мәні айрықша.

Іс-шараның басты мақсаты – маңызды мемлекеттік құжаттарды барлық азамат үшін қолжетімді қылып, баршаға бірдей мүмкіндікті қамтамасыз ету.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу