Қазақстан қоржынына биіктікке секіруден қос медаль түсті

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайты хабарлады. 

Қазақстан қоржынына биіктікке секіруден қос медаль түсті Фото: ҰОК

Бір қызығы, жүлде алған екі спортшы да бірдей нәтиже тіркеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Еске салайық, жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатыр. Онда биіктікке секіруден қыздар арасында үздіктер анықталып, олар жоғыры нәтижемен көзге түсті. 

– Қазақстандық жеңіл атлеттер екі бірдей жүлдеге қол жеткізді.

Ольга Изюмникова мен Милена Мерц қола медаль иегерлері атанды. Екі спортшы да ең үздік секіруінде 1.65 метр нәтижесін көрсетті, – делінген ресми сайтта. 

Айта кетейік, алтын медальді Кувейт спортшысы Ясмин Рой жеңіп алған. Ол 1.73 метр нәтиже көрсетті. Ал тайбэйлік Чао-Тин Чен 1.69 метр нәтижемен екінші орынға жайғасқан. 

Кеше Азия ойындарында ел қоржынына бесінші алтын медаль түскенін жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу