Қазақстан қуаңшылыққа байланысты ет экспортын шектеуі мүмкін

2840

Қуаңшылыққа байланысты күзге қарай елде ет тапшылығы туындайды деген пікірді біршама сарапшы айтып жүр. 

Қазақстан қуаңшылыққа байланысты ет экспортын шектеуі мүмкін

Ал мемлекет осы мәселені шешу үшін қандай шараларды қолға алғалы жатқанын Орталық коммуникациялар алаңындағы баспасөз мәслихатында тілшілер Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтан сұрап көрген еді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазірдің өзінде ауылдарда ірі қараның еті келісіне 1900-2000 теңгеден сатылып жатса, облыс орталықтарында 2500 теңгеден асып кеткен. Ал Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында еттің келісі тіпті 3000 мың теңгеден басталады. Етке сұраныс азаятын жаздың өзінде баға бұлайша қымбаттап тұрғанда елдің бәрі ет іздейтін күзге қарай жағдайдың қалай болары белгісіз. Жығылғанға жұдырық болып, оңтүстік пен батыс өңірлердегі қуаңшылық еттің бағасын тіпті шарықтатып жіберуі мүмкін.

Бақыт Сұлтанов келтірген статистикаға келер болсақ, 2020 жылы Қазақстан 8,9 млн долларға 2,7 мың тонна ірі қара етін экспорттапты. Бұл былтырғы жылдың 4 айының қорытындысы. Ал биылғы жылдың 4 айында Қазақстан 9,4 млн долларға 2,6 мың тонна ет өткізген. Яғни еттің бағасы әлемдік нарықта көтерілген. Ал импорт жағынан былтыр  4 айдың ішінде 35 млн доллардың еті шетелден сатылып алынған. Биыл 4 айда 21 млн доллардың етін шет елдерден келіпті. Яғни импорт 41 пайызға азайған. 

"Бұл көрсеткіш экспорттың көбейіп, импорттың азайып келе жатқанын көрсетеді",дейді Бақыт Сұлтанов.

Ет экспортының өсімі елдегі жағдайды қиындатып жібермей ме деген күдікке байланысты министр тиісті шара қабылданатынын айтты.

"Ет болсын, басқа өнім болсын – өндіріс көлемі ең алдымен өз халқымызға керек. Екіншіден, экспорттау жағын да ұмыта алмаймыз. Өйткені бұл – валюталық кіріс. Диқандар мен фермерлер тиісті табысын алады. Бұл құрал қолда бар. Егер еттен тапшылық елде туындап жатса, оның экспортын шектеу құралын пайдаланамыз. Ведомствоаралық комиссия тиісті шешімді дер кезінде қабылдайды", деді Бақыт Сұлтанов.

Аян Бекенұлы
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу