Қазақстан кубогі: Ширек финалға шыққан командалар белгілі болды

1866

"Қайсар", "Тараз", "Шахтер" футбол клубтары Қазақстан кубогінің ширек финалына шықты.

Қазақстан кубогі: Ширек финалға шыққан командалар белгілі болды

"Қайсар" Қазақстан Кубогінің соңғы турында оралдық "Ақжайықты" еш қиындықсыз жеңді. Қызылордадағы Ғаги Мұратбаев атындағы стадионда өткен матч 3:0 есебімен аяқталды. Ойынның 24-минутында Арман Кеңесов екі ойыншыны алдап өтіп, қақпаның дәл ортасына соққы жасады. Степан Сикач қолына келген допты ұстай алмады. Ал 38-минутта Елдас Алтынбеков командасының екінші голын соқты. Ойынның нүктесін 85-минутта Кларенс Битанг қойды. Ол он бір метрлік айып добынан гол салды.

Осылайша, "Қайсар" С тобында 11 ұпай жинап, Қазақстан Кубогінің ширек финалына шықты. Ал "Ақжайықтың" тағдыры "Астананың" бүгінгі ойынына байланысты болмақ.

Қазақстан Кубогінің соңғы турында "Тараз" бен "Мақтаарал" ширек финалдың жолдамасын сарапқа салды. Тараздағы Орталық стадионда өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. Ойынның 33-минутында Урош Ненадович есеп ашты. Бірақ 60-минутта Рашид Люхай таразы басын теңестіріп кетті. 6 матчта 10 ұпай жинаған жамбылдық клуб Қазақстан Кубогінің ширек финалына шықты. Топтан шыққан екінші команданың есімі бүгін белгілі болады. Ал "Тараз" ширек финалға жолдама алды. "Шахтер" Қазақстан Кубогінің бесінші турында "Ордабасымен" кездесті. Матч Қарағандыдағы "Шахтер" стадионында өтіп, 3:2 есебімен аяқталды.

Ойынның 11-минутында Абылайхан Назымханов "Шахтер" сапырдағы дебюттік голын соқты. 37-минутта есепті еселеген Айдос Тәттібаев бірінші тайм аяқталар сәтте дубль авторы атанды. Ал 56-минутта Александр Симчевич Трофимец қайтарған допты ашық қақпаға бағыттап, есепті қысқартты. "Шахтердің" қорғаушысы Иван Граф 90-минутта өз қақпасына гол соғып алды. 5 матчта 12 ұпай жинаған "кеншілер" А тобында көш бастап, турнирдің ширек финалына шықты. Ал "Ордабасы" үшінші орында тұр. Шымкенттік клубтың қоржынында артық бір ойын бар.

"Жетісу" Қазақстан Кубогінің соңғы турында "Тұранды" қабылдады. Матч Талдықорғандағы "Жетісу" стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Ойындағы жалғыз әрі шешуші голды 81-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Алексей Михайлов соқты. 6 матчта 6 ұпай жинаған түркістандық клуб Д тобында ең соңғы орында қалып, турнирмен қош айтысты. 7 ұпайы бар "Жетісу" екінші орында тұр. "Тұран" турнирмен қош айтысты, ал "Жетісудың" тағдыры "Қайраттың" бүгінгі ойынына байланысты.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу