"Атырау" Қазақстан Кубогінің алтыншы турында "Тобылды" қабылдады. Матч Атыраудағы "Мұнайшы" стадионында өтіп, 1:3 есебімен аяқталды.
Кездесудің 8-минутында "Атыраудың" бразилиялық шабуылшысы Аллеф пенальтиден мүлт кетпеді. 58-минутта Игорь Сергеев Роман Асранқұловтың пасынан кейін есепті теңестірді. 75-минутта Жереми Манзорро командасын алға шығарды. Ал 85-минутта Зоран Тошич матчтың нүктесін қойды. В тобында 12 ұпай жинаған "Тобыл" мен 10 ұпай жинаған "Тараз" ширек финалдық жолдамаға ие болды.
"Каспий" Қазақстан Кубогінің соңғы турында "Қайратпен" кездесті. Матч Алматыдағы "Жас Қыран" стадионында өтіп, 2:4 есебімен аяқталды. Ойынның небәрі 6-минутында Раде Дугалич баспен гол соқты. Ал үш минуттан кейін Айбол Әбікен пенальтиді сәтті пайдаланды. 33-минутта Раде Дугалич дубль авторы атанды. Ол бұл жолы да бұрыштамадан асырылған пасты баспен қақпаға бағыттады. Бірақ 41-минутта Шафик Тигруджа алыстан соққы бағыттап, есеп айырмасын қысқартты. Бірақ көп өтпей Хосе Канте командасының төртінші голын соқты. Ал қосымша уақытта Рамазан Кәрімов мергендігімен көзге түсті.
Д тобында 13 ұпай жинаған "Каспий" және 9 ұпай жинаған "Қайрат" ширек финалға жолдама алды.
"Ақтөбе" Қазақстан Кубогінің соңғы турында "Астана" клубымен кездесті. Матч Ақтөбедегі Қобыланды батыр стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Ойынның 15-минутында Ардақ Сәулеттің қақпа маңына қарай асырған пасын Максим Самородов өз пайдасына жаратып, матчтағы алғашқы голды соқты. Бірақ 85-минутта Марин Томасов айып алаңының сыртынан өз стилінде соққы жасап, таразы басын теңестірді. Осылайша, Андрей Тихонов шәкірттері 11 ұпай жинап, С тобырда екінші орын алды. "Ақтөбе" бір ғана ұпаймен соңғы орында қалды.
Ермұхамед Мәулен