Сенбі, 13 тамыз күні "Ордабасы" сырт алаңда "Ақсуды" жеңіп, футболдан Қазақстан кубогының плей-офф кезеңіне шықты. Павлодарда өткен кездесу 0:1 есебімен аяқталды. Матчта Луис Гуедес жеңіс голын соқты. А тобындағы алты ойыннан кейін шымкенттік клуб тоғыз ұпай жинап, екінші орынға жайғасты.
Алматыда "Қайрат" "Атырауды" жеңіп, Қазақстан кубогіндегі бесінші жеңісіне қол жеткізді. Кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Голдарды Сергей Кейлер, Данияр Үсенов және Вячеслав Швырев (пенальтиден) соқты. Бұл жеңіс "Қайратқа" А тобында 16 ұпай жинауға мүмкіндік берсе, "Атырау" жеті ұпаймен қалды.
Ақтауда "Каспий" "Ақжайықты" жеңді. Кездесу 2:1 есебімен "Каспийдің" пайдасына аяқталды. Бірінші ойын 3:1 есебімен оралдықтардың пайдасына аяқталған еді. Қос команда да он ұпайдан жинады.
"Тараз" "Мақтааралмен" тең ойнап, Қазақстан кубогінде топта бірінші орын алды. Түркістанда өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Гол авторлары Ғалым Кенжебек пен Әділет Кеңесбек. Бұл нәтиже "Таразға" 12 ұпаймен С тобын жеңуге мүмкіндік берді. "Мақтаарал" екінші (он ұпай) болды.
Осылайша футболдан Қазақстан кубогінің ширек финалистері белгілі болды. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша "Қайрат", "Ордабасы", "Қайсар", "Ақжайық", "Тараз", "Мақтаарал", "Шахтер" және "Астана" командалары турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды. Ал Қазақстанның қазіргі чемпионы қостанайлық "Тобыл" мен Қазақстан премьер-лигасының көшбасшысы "Ақтөбе" турнирден шығып қалды.
Ермұхамед Мәулен