Петропавлдық "Қызыл-Жар" Қазақстан Кубогінің топтық кезеңінің алтыншы турында өз алаңында "Шахтерді" 8:1 есебімен ұтты. Ойындағы алғашқы голды "Шахтер" қорғаушысы Богдан Савкив өз қақпасына соғып алды. Алаң иелері сапында Семир Смайлагич, Алмаз Измаилов дубль жасады. Ал қалған голдарды Дмитрий Шмидт, Дарко Зорич және Артем Черединов соқты. "Шахтер" сапында тек Руслан Тұтқышев мергендігімен көзге түсті.
Осылайша, "Қызыл-Жар" 13 ұпаймен А тобында бірінші орынды иеленді. Бір ұпайы кем "кеншілер" келесі кезеңге екінші орынмен шықты.
Қазақстан кубогінің топтық кезеңі бүгін шымкенттік "Ордабасы" мен СДЮШОР №8 командалары арасында өтетін матчпен аяқталады. 6-турдың А-тобындағы соңғы кездесу Нұр-сұлтан уақытымен 20:00-де Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтеді. Екі команда да ширек финалға шыға алмай, Қазақстан кубогінің ойындарын бүгінгі матчпен тәмамдайды.
Іріктеу ойындары ақталған соң Қазақстан Кубогінің ширек финалында өнер көрсететін барлық жұптар анықталды:
"Тараз" - "Шахтер"
"Қайрат" - "Қайсар"
"Астана" - "Каспий"
"Қызыл-Жар" - "Тобыл"
Ширек финалдың алғашқы ойындары 21-22 тамызда, ал қарымта кездесулер бір айдан кейін - 22 қыркүйекте өтеді.
Ермұхамед Мәулен