Қазақстан кубогының екі жартылай финалисі анықталды

791

Түркістанның "Тұран" командасы сенсация жасай алмады.  

Қазақстан кубогының екі жартылай финалисі анықталды

Өз алаңында олар "Астананы" қабылдады. Елордалық ұжым бірінші матчта қарсыласынан басым түскен еді. Екінші ойынға соның салдарынан жартылай екінші құрамын шығарды. "Тұран" мен "Астананың" ойыны осыдан кейін құдды бір жолдастық матчқа ұқсап кетті. Осы ойын кезінде трибунада Ренат Абдуллин мен Ұлықбек Асанбаевтар бірге отырды.

"Астана" ойынның алғашқы бөлігінде гол салды. Тимұр Досмағамбетов берген пастан кейін Дембо Дарбо офсайттан есеп ашты. Алайда, төреші бейнеқайталау тамашалап жүріп голды есепке алды. Бірінші таймда одан өзге қауіпті сәт бола қойған жоқ. Айта кетуіміз ткерек, ойынның сүреңсіз өтуіне күн-райы да септігін тигізді. Шымкент қаласындағы "Намыс" стадионында бұл кезде ауа температурасы 40 градусты көрсетіп тұрды. Ал ойынның неге 18:00-де ойналғаны ешқандай қисынға сыймайды.

Екінші таймда "Тұран" ойыншысы Зикролла Сұлтаниязов таразы басын теңестірді. Алайда, есеп 1:1 болып аяқталғанымен, келесі айналымға бәрібір де "Астана" шықты.

Екінші ширек финалдық матчта "Ордабасы" "Қызылжардан" жеңіліп қалды. Бірінші тайм 0:0 тең аяқталған соң, екі ұжым бар күшті екінші таймға салды. Шымкентте өткен алғашқы ойында "Ордабасы" 2:0 жеңгендіктен, қонақтарға бұл жолы жеңіл болды. Уақытты созып, емін-еркін жүрді. Веселинович деген ойыншы гол салып, "Қызылжар" 1:0 жеңгеннің өзінде де ештеңе өзгермеді. Келесі айналымға "Ордабасы" шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу