Қазақстан кубогының екінші финалисі анықталды

845

Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалының қарымта кездесуінде "Атырау" мен қостанайлық "Тобыл" кездесті.

Қазақстан кубогының екінші финалисі анықталды

Бірінші ойын Милич Курчич командасының минималды жеңісімен аяқталған болатын. Екінші матчта да олар фаворит саналды.

Тартысты кездесу аптап ыстықта өтті. Сынап бағанасы +41 С дейін көтірілді. Сол себепті бірінші таймда футболшылар белсенділік таныта қоймады. Алғашқы кезеңнің орта тұсына қарай қонақтар басымдыққа ие болды. Екінші кезеңде бұл үрдіс жалғасты. Алайда Серікжан Мұжықов орталықтан бұрыштан пас бергеннен кейін Иван Рогач басымен допты қақпаға  дәл бағыттады. "Атырауға" гол соғуға уақыт жеткілікті болғанымен, таблодағы көрсеткішті өзгерте алмады – 0:1.

Осылайша "Тобыл" турнирдің финалына шығып, 4 қараша күні шымкенттік "Ордабасы" командасымен кубокты сарапқа салатын болды.

Айта кетейік, шымкенттік "Ордабасы" бір апта бұрынғы жеңілістің есесін қайтарып, футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалында "Астанадан" айласын асырды. Жеңімпазды анықтау үшін ойыншылар қосымша таймдарды ойнау керек болды. Нәтижесінде матч 2:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу