Қазақстан кубогінің кестесі жарық көрді

1730

"Торпедо" бас бапкері Евгений Фадеев 24 тамызда Алматыда басталатын Қазақстан кубогіне дайындық барысына баға берді. "Торпедоның" топтық кезеңдегі қарсыластары "Арлан", "Горняк" және "Алматы" хоккей клубы болады.

Қазақстан кубогінің кестесі жарық көрді

– Қазіргі жағдай дайындық процесіне, соның ішінде мұздағы жаттығулар цикліне түзетулер енгізді. Жігіттердің жалпы физикалық дайындығын жақсартып, маусымға дайындықты 1 тамыздан бастадық. 12 тамызда айдынға шықтық. Спорт залында да жаттығулар жасадық. Алдағы уақытта Қазақстан кубогына байланысты дайындықты сәл де болса жеделдетуге тура келді. Әрине, толық дайындық туралы айтуға әлі ерте. Командаға жалпы тактикалық схемаларды түсіндірдік. Бүгінгі таңда командада көптеген жас хоккейшілер бар. Олар үшін кубоктық кездесулер ересектер хоккейіндегі дебют болады. Өздерін жақсы қырынан танытып, негізгі құрамда орын алуына толық мүмкіндік бар.

– Жастар өздеріне берілген жаттығулар жиынтығын қалай орындады?

– Олар барын салып жатыр. Бірақ жастардың шеберлік деңгейін біз тек қана Алматыдағы матчтардан ғана көре аламыз. Әзірге мен ештеңе дей алмаймын. Оларға балалар хоккейінің артта қалғанын айтып түсіндіру керекпіз.  Мұнда басқа жылдамдықтарға бейімделетін кез келгенін, әр қателігінің бағасы еселей өсетінін ескерттік. Бұл жаттығулар мен матчтарға көбірек кәсіби көзқарас қажет дегенді білдіреді.

Андрей Янковтың тәжірибиесіне сүйене айтсақ, команданың негізгі қақпашысы сол болатын шығар?

Андрей – өткен маусымнан қалған тәжірибиелі ойыншылардың бірі және бірегейі. Әзірге қақпашылар арасында ол ең мықтысы. Оған Антон Осокин (2003 ж.т) және Евгений Классен (2002 ж.т) деген екі жас қақпашы бәсекелес болады. Демек бәсеке бар жерде тек үздіктер ғана ойнауы тиіс.

Қазақстан кубогі ойындарының кестесін назарларыңызға ұсынамыз.

24 тамыз

19:00 "SARYARQA" – "HUMO"

25 тамыз

14:00 "AQTOBE" – "QULAGER"

14:00 "GORNYAK" – "TORPEDO"

14:00 "BEIBARYS" – "ERTIS"

19:00 "ARLAN" – "ALMATY"

19:00 "SNEJNIE BARSY" – "NOMAD"

26 тамыз

15:00 "AQTOBE" – "HUMO"

19:00 "QULAGER" – "SARYARQA"

19:00 "GORNYAK" – "ARLAN"

19:00 "SNEJNIE BARSY" – "BEIBARYS"

27 тамыз

17:00 "TORPEDO" – "ALMATY"

17:00 "NOMAD" – "ERTIS"

28 тамыз

14:00 "HUMO" – "QULAGER"

14:00 "ARLAN" – "TORPEDO"

14:00 "ERTIS" – "SNEJNIE BARSY"

19:00 "SARYARQA" – "AQTOBE"

19:00 "ALMATY" – "GORNYAK"

19.00 "BEIBARYS" – "NOMAD"

ПЛЕЙ-ОФФ

31 тамыз

14:00 Q1 – Q4

19:00 Q2 – Q3

1 қыркүйек

19:00 S1 – S2 (финал)

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу