2026 жылғы футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалындағы алғашқы матчтардың күні мен басталу уақыты анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Турнирдің жартылай финалына "Қайсар", "Жеңіс", "Ордабасы" және "Алтай" командалары жолдама алды.
11 маусым күні өтетін алғашқы ойында "Қайсар" мен "Жеңіс" кездеседі. Матч 19:00-де басталады.
Ал екінші жартылай финалда "Ордабасы" өз алаңында "Алтайды" қабылдайды. Бұл кездесу 20:00-ге жоспарланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу