Қазақстан кубогінің жартылай финалистері анықталды

1551

Жартылай финалистер арасында ел чемпионы "Сарыарқа" да бар.

Қазақстан кубогінің жартылай финалистері анықталды

Былтырғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері "Арлан" кубокқа қатысушылар арасынан бірінші болып жартылай финалдық кезеңге жолдама алды. Финалдық кездесуде көкшетаулықтар "Торпедодан" басым түсіп, қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл нәтиже Павел Валентиненконың командасына В тобында бірінші орын алуға мүмкіндік берді. "Арлан" – "Торпедо" арасындағы кездесудің қорытынды есебі 5:0.

"Ертіс" пен "Снежные Барсы" арасындағы кездесудің негізгі оқиғалары екінші кезеңде өтті. "Ертіс" Диас Атахановтың дублінің арқасында қажетті басымдыққа қол жеткізіп, соңғы ысқырыққа дейін жеңісті есепті сақтап қалды. Кезеңнің қорытындысы бойынша павлодарлықтар төрт ұпай жинап, "Бейбарыс" пен "Номад" кездесуінің нәтижесінен кейін "С" тобында көш бастады. Матч "Ертістің" пайдасына 3:2 есебімен аяқталды.

Ал "Хумо" мен "Құлагер" арасындағы кездесудің жеңімпазын анықтау үшін негізгі уақыт жетпей қалды. Матч овертаймға ұласып, Евгений Лызин петропавлдық командаға турнирдегі алғашқы жеңісін әкелді. ("Хумо" - "Құлагер" 2:3).

"Ақтөбе" кубоктің жартылай финалдық кезеңіне қазіргі чемпиондарды жібермеуге біртабан жақын болды. Әйтсе де, "Сарыарқа" соңғы ысқырыққа 20 секунд қалғанда есепті теңестіріп кетті. "Сарыарқа" жартылай финалға жолдама алса, "Ақтөбе" буллитте гол соғып, кезеңді жеңіспен аяқтады. Бірақ өкінішке орай финалға шыға алмады. "Сарыарқа" - "Ақтөбе" 2:3.

"Горняк" "Алматыдан" басым түсіп, финалдық кезеңнің төртінші қатысушысы атанды. Өз топтарында екінші орын алғандардың арасынан рудныйлықтар үздік команда атанды. "Алматы" - "Горняк" 2:6 

Елордада "Бейбарыс" "Номадтан" айласын асырды. Алайда жарыстың жартылай финалдық кезеңіне шығу үшін бұл жеңіс жеткіліксіз болды. "Бейбарыс" - "Номад" 4:0.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша хоккейден Қазақстан кубогі үшін күресті жалғастыратын барлық командалар анықталды.

Q1 - Арлан (топта бірінші орын, 6 ұпай)

Q2 - "Сарыарқа" (топта бірінші орын, 5 ұпай)

Q3- "Ертіс" (топта бірінші орын, 4 ұпай)

Q4 - "Горняк" (топтарда екінші орын алған командалардың үздігі, 5 ұпай)

Жартылай финалдық сайыстар 31-тамыз күні "Барыс Аренаның" В блогында өтеді.

14:00 "Арлан" - "Горняк"

19:00 "Сарыарқа" – "Ертіс"

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу