Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиындарына аттанды

1090

Хоккейден әлем чемпионаты Финляндияда өтеді.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиындарына аттанды

Бүгін, 3 мамыр шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Ригаға аттанды. Онда құрамамыз әлем чемпионатына дайындықтың екінші кезеңін өткізеді. Осы орайда Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы әлем біріншілігі алдында өтетін оқу-жаттығу жиындарына қатысатын хоккейшілеріміздің тізімін жариялады.

Қақпашылар: Андрей Шутов ("Барыс"), Сергей Кудрявцев ("Южный Урал", Орск қ.), Илья Румянцев ("Арлан"), Денис Каратаев ("Сарыарқа").

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Валерий Орехов, Егор Шалапов (барлығы "Барыс" хоккейшілері), Джесси Блэкер ("Автомобилист"), Даррен Диц (ЦСКА), Леонид Метальников ("Адмирал"), Эмиль Нұрғалиев ("Сарыарқа"), Виктор Сведберг ("Авангард"), Иван Степаненко ("Бейбарыс")

Шабуылшылар: Павел Акользин ("Металлург"), Әлихан Әсетов,  Дмитрий Гурков, Никита Михайлис, Егор Петухов, Кирилл Савицкий, Антон Сагадеев,  Аркадий Шестаков (барлығы "Барыс" хоккейшілері), Кёртис Волк ("Автомобилист"), Максим Мұхаметов ("Номад"), Дмитрий Гренц ("Торпедо"), Саян Данияр, Михаил Рахманов (екеуі де "Сарыарқа"), Батырлан Мұратов ("Rovaniemen Kiekko", Финляндия), Кирилл Панюков ("Ак Барс"), Евгений Рымарев ("Югра",  Ханты-Мансийск қаласы), Роман Старченко, Дмитрий Шевченко ("Авангард").

Ал Қазақстан чемпионаты аясында өткен матчта алған жарақатына байланысты қақпашы Никита Бояркин әлем чемпионатына қатыса алмайтын болды. Оның орнына Денис Каратаев шақырту алды. 

8 және 9 мамырда Латвиямен бақылау матчтары өтеді. 10 мамыр күні ұлттық команда Финляндия астанасы Хельсинкиге жетеді. Алғашқы матчын Қазақстан құрамасы 14 мамыр күні Дания командасына қарсы өткізеді. Турнирге қатысатын хоккейшілердің соңғы тізіміне 25 хоккейші – 22 ойыншы мен үш қақпашы кіреді.

Ермұхамед Мәулен