Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Латвияға есе жіберді

1271

Қазақстан құрамасы өз тобында 6-орында қалды.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Латвияға есе жіберді

Қазақстан құрамасы Рига мен Тампереде өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Латвиядан жеңіліп қалды. Кездесу 7:0 есебімен айдын иелерінің пайдасына аяқталды. Гол авторлары Рихардс Букарц (16-минут), Оскарс Батна (18-ші), Мартинш Дзеркалс (22-ші), Родриго Аболс (30-шы, 52-ші), Микс Индрашис (40-шы), Каспарс Даугавинс (50-ші). Осылайша, қазақстандықтар бұл турнирде ең ірі жеңіліске ұшырап, қоржынында 4 ұпаймен алтыншы қатарда қалды. 11 ұпай жинаған латвиялықтар В тобында төртінші орында. Ғалым Мәмбеталиевтің шәкірттері келесі кездесуін 22 мамырда Словенияға қарсы өткізеді.

Сондай-ақ бүгін Канада құрамасы шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Швейцариядан 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша канадалықтар турнирдегі алғашқы жеңілісіне ұшырап, 11 ұпаймен үшінші орынға орналасты. Швейцариялықтар қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізіп, В тобындағы көшбасшылыққа қайта оралды. Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Швейцария (0:5) мен Канададан (1:5) ұтылған болатын.

Ал АҚШ құрамасы топтық кезеңде Данияны жеңді. Кездесу 3:0 есебімен америкалықтардың пайдасына аяқталды. Осылайша, АҚШ құрамасы 15 ұпай жинап, А тобындағы бес кездесудің бесеуінде де жеңіске жетіп, бірінші орынды сақтап қалды. Даниялықтар 8 ұпаймен төртінші орында. Үздік төрт команда плей-офф кезеңіне өтеді. Ал өз тобында соңғы орында қалған команда жоғарғы дивизионнан шығады.

Қазақстан – Латвия 0:7 (0:2, 0:3, 0:2)
0:1 – 15:39 – Букартс Ро. (Дзиеркалс, Шиловс)
0:2 – 17:19 – Батня (Зиле)
0:3 – 21:13 – Дзиеркалс (Батня, Букартс Ро.)
0:4 – 29:05 – Аболс (Даугавиньш, Балцерс)
0:5 – 39:54 – Индрашис (Букартс Ри., Фрайбергс)
0:6 - 49:50 - Даугавиньш (Балцерс, Аболс)
0:7 - 51:40 - Аболс (Балцерс, Даугавиньш)

Қақпашылар: Шутов (Бояркин, 40:00-60:00) – Шиловс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу