Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

1614

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Италияны жеңіп, әлем чемпионатының элиталық дивизионындағы орнын сақтап қалды.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Турнирдің финалдық кездесуінде қазақстандықтар басты бәсекелестерін 5:2 есебімен жеңіп, Финляндияда алғашқы ұпайларына қол жеткізді. Бұл нәтиже құрамамызға үш ұпай жинап, А тобындағы италиялықтардың алдына шығуға мүмкіндік берді. 12-минутта Кертис Волк есеп ашса, содан кейін Валерий Орехов (16мин), Әлихан Әсетов (25 мин), Роман Старченко (44 мин) мен Никита Михайлис (47 мин) гол соқты. Екінші кезеңнің аяғында Михаил Рахманов хоккейшілердің бірімен соқтығысып, жарақат алды. Соңғы ысқырыққа үш минут қалғанда италиялықтар қақпашыны алып тастады, бірақ есепті теңестіріп үлгермеді. Ал Никита Михайлис матчтың үздік ойыншысы атанды.

Ұлттық құрамамыздың бас бапкері Юрий Михайлис журналистерге берген сұхбатында соңғы ойынға қатысты пікірін білдірді.

"Жақсы матч болды. Ең бастысы, жігіттер эмоцияларын жеңіп, демалыстан кейін ойынға дайын болды. Бүгін біз ойынды толығымен өз бақылауымызға алдық. Әдемі голдар соғылды. Біз қорғаныста сенімді ойнадық. Иә, қателіктер болды, бірақ ойыншыларымыз бір-біріне қолдау көрсетті. Былтырғымен салыстырар болсақ, бұл екі түрлі түрлі Әлем чемпионаты. Бізде жолдастық ойындар жеткіліксіз болды. Хоккейшілеріміз тек турнир барысында қарқындарын үдете түсті. Біздің топта Ұлттық Хоккей Лигасының хоккейшілерімен толыққан өте мықты командалар болды. Біз олармен тең дәрежеде ойнадық, бірақ ойыншыларымыз мұқият болмады", – деді Юрий Михайлис.

Қазақстан - Италия 5:2 (2:1, 1:1, 2:0)

1:0 - 11:22 - Волк (Диц, Старченко)

1:1 - 14:57 - Макнелли (Мильоранци)

2:1 - 15:59 - Орехов (Михайлис, Рахманов)

3:1 - 24:29 - Әсетов (Петухов, Блэкер)

3:2 - 25:26 - Костнер (Перна, Хэннун)

4:2 - 43:29 - Cтарченко (Диц, Блэкер)

5:2 - 46:02 - Михайлис (Орехов, Акользин)

Қақпашылар: Шутов - Бернар

Осылайша, Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының жоғарғы дивизионындағы орнын сақтап қалды және келесі жылы элитада өнер көрсетеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу