Қазақстанның қыздар хоккей құрамасы әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды

545

18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионаты Түркияда өтті.

Қазақстанның қыздар хоккей құрамасы әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Қазақстанның 18 жасқа дейінгі қыздар құрамасы хоккейден 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының IIA дивизионында шешуші ойында Оңтүстік Корея құрамасына 1:5 есебімен жол берді.

Бұл матч турнирдегі ең маңызды кездесу болды. Себебі ойынға дейін Қазақстан құрамасы 12 ұпаймен бірінші орында тұрса, Оңтүстік Корея бір ұпайға ғана қалып, екінші орында келе жатқан еді. Жеңіске жеткен команда тікелей IB дивизионына жолдама алатын.

Кездесудің басым бөлігінде қазақстандық қыздар қарсыласына лайықты қарсылық көрсетті. 36-минутта София Зубкова шайба салып, есеп ашты. Алайда кейін Оңтүстік Корея құрамасы ойын тізгінін өз қолына алды. Матчтың соңына қарай кореялық хоккейшілер мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, тағы төрт шайба соқты.

Нәтижесінде, Оңтүстік Корея 14 ұпай жинап, турнирде бірінші орын алды және жоғары дивизионға жолдама иеленді. Қазақстан құрамасы 12 ұпаймен екінші орынға тұрақтап, әлем чемпионатының күміс жүлдесін қанағат тұтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу