Қазақстан құрамасы әлем чемпиондарын жеңді

1292

Құрамамыз қатарынан екінші матчта жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы әлем чемпиондарын жеңді

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Ригада өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші матчында қазіргі әлем чемпиондары - Финляндия командасын жеңді.

Кездесудің негізгі уақыты 1: 1 есебімен тең аяқталды. Финляндия құрамасы 34-минутта алға шығып, Антон Лунделл гол соқты. Қазақстан екі жарым минутта есепті теңестіріп, Кирилл Панюков Әлем чемпионатындағы алғашқы голын соқты. Осылайша кездесу овертаймға ұласты.

Қосымша уақытта командалар жеңімпазды анықтай алмады. Ал буллитте Қазақстан құрамасы 3: 1 есебімен жеңіске жетті. Шешуші голдың авторы Роман Старченко болды. Сондай-ақ Кертис Волк пен Никита Михайлис те гол соқты.

Кездесу аяқталған соң Никита Михайлис ойынға қатысты өз пікірін білдірді.

"Бұл жеңісті бүкіл команда асыға күтті. Олар айдынға шығып, ел үшін күресті. Әрбір жанкүйерге алғыс айтамыз! Біз бүгінгі ойыннан тамаша әсер алдық. Бояркин жоғары деңгейде ойнады. Бізге гол соғар алдында қарсыластарымызыдың  тағы бір гол соғуға мүмкіндігі болды. Бірақ Бояркин бізге көмектесіп, үміт сыйлады", - деді Никита Михайлис.  

Сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері де өз пікірімен бөлісті.

"Матч басталмай тұрып жеңіске жететінімізге сендік. Біз тек жеңіс үшін ойнаймыз деген ұран болды. Менің ойымша, ойынға басқа мақсатпен шықпау керек. Біздің үмітіміз ақталды. Командамыз ынтымағы жарасқан ұжым болып шықты. Қарсыластарымыз бізді қателесуге итермеледі. Комбинациялармен тамаша ойнадық. Соңғы секундтар мен соңғы булиттерге дейін жеңіске жететінімізге сендік", - деді Юрий Михайлис.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы келесі матчты 25-мамыр күні АҚШ командасына қарсы өткізеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу