Қазақстан құрамасы Аргентинада Дэвис Кубогіне дайындалып жатыр

730

3-4 ақпанда Росарио қаласындағы "Жокей Клуб де Росарио" топырақ төсенішіндегі кортта Қазақстан құрамасы Аргентинамен командалық әлем чемпионаты – Дэвис кубогінің іріктеу матчын өткізеді.

Қазақстан құрамасы Аргентинада Дэвис Кубогіне дайындалып жатыр Фото: canva.com

Қазақстандық спортшылар жаттығуға кірісті. Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аргентинаның халық саны жөнінен үшінші қаласына капитан Юрий Щукин бастаған Денис Евсеев, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко және Александр Недовесов барды.

Аргентина – 2016 жылғы Дэвис кубогінің жеңімпазы. Сондай-ақ 1981, 2006, 2008 және 2011 жылдары финалға шыққан тәжірибелі команда. Бұл қос құраманың өзара үшінші кездесуі болмақ. Әзірге есеп тең – 1:1.

"Корттың сапасы өте жақсы. Әсіресе, өткен жылы біз ойнаған Болгария немесе Чилидегі жағдаймен салыстырғанда, деңгейі жоғары. Аргентиналықтар жақсы дайындалған. Олар топырақ төсенішін қолайлы көреді. Аргентинаның күшті құраммен ойнайтынын бәрі жақсы біледі. Дегенмен біз барынша қарсы тұрып, олардың жоспарын бұзуға тырысамыз", – деді Тимофей Скатов.

Бастапқы күні екі жекелей сындағы бәсеке өтеді. Екінші күні бір жұптық, екі жекелей кездесу болмақ.

Жұп жеңімпазы қыркүйекте өтетін Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне жолдама алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу