Қазақстан құрамасы Астанада Уэльске қарсы кездесу өткізеді

283

Уэльске қарсы ойын 4-қыркүйек күні "Астана Аренада" Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.

Қазақстан құрамасы Астанада Уэльске қарсы кездесу өткізеді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев қыркүйек айында өтетін Уэльс пен Бельгияға қарсы матчтарға шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады. Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 29 тамызда Астанда басталады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйекте екі ойын өткізеді. 4 қыркүйекте Астанада Уэльс құрамасын қабылдаса, 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгиямен кездеседі. Екі ойын да 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтеді.

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен ("Астана"), Темірлан Анарбеков ("Қайрат"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы");

Қорғаушылар: Әлібек Қасым, ("Ақтөбе"), Ян Вороговский ("Астана"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Наурызбек Жагоров ("Тобыл"), Еркін Тапалов ("Қайрат"), Сергей Малый, Ұлар Жаксыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – "Ордабасы");

Жартылай қорғаушылар: Ислам Чесноков ("Тобыл"), Бактиер Зайнутдинов ("Динамо Мәскеу", Ресей), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – "Елімай"), Дәурен Жұмат, Серікжан Мужиков (екеуі де – "Оқжетпес"), Дінмұхамед Қараман ("Жеңіс"), Бағдат Қайыров ("Ақтөбе"), Дамир Қасабулат ("Қайрат");

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев ("Ақтөбе"), Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Дастан Сатпаев ("Қайрат"), Иван Свиридов ("Елімай").

Үш күннен кейін, 7 қыркүйекте Әлиевтің командасы Брюссельге барады. Онда іріктеу фавориттерінің бірі – Бельгия құрамасымен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу