Қазақстан құрамасы Әзербайжанға есе жіберді

1805

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңінің финалдық ойынында Әзербайжаннан жеңіліп қалды. 

Қазақстан құрамасы Әзербайжанға есе жіберді

Бакуде өткен кездесу 0:3 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. 66-минутта Александр Марочкиннің добы қақпаға қарай ұшқаннан кейін қазақстандықтар бірінші голды жіберіп алды. Араға сегіз минут салып Филлипе Озобич есепті еселесе, Анатолий Нуреев кездесудің нүктесін қойды – 3:0.

Айта кетейік матчтың 37-минуттан бастап қорғаушы Нұралы Әліп алаңнан шеттетілді. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы он ойыншымен қалды. Ұлттық құраманың қорғаушысы кемінде 1 ресми ойыннан шеттетіледі. Брақ УЕФА Тәртіптік комитеті оны бірнеше ойынға дейін ұзарта алады. Әліп 2023 жылдың 23 наурызы мен 21 қарашасы аралығында өтетін Еуро-2024 іріктеу кезеңіне қатыса алмайды.

Бұған дейін қазақстандықтар Беларусь командасын ұтып, топта жеңіске жетті. Сондай-ақ В дивизионына жолдама алған болатын. Бұдан бөлек Қазақстан Еуро-2024 плей-офф кезеңіне қатысу құқығына ие болды.Еліміздің құрамасы Ұлттар лигасының келесі жеребесі бойынша Англия немесе Франциямен ойнай алады.

Әзербайжан – Қазақстан – 3:0

ГолдарАлександр Марочкин 66 (автогол), Филип Озобич 74, Анатолий Нуриев 90+1

Ескертулер: Ренат Дадашов 27, Шахрудин Магомедалиев 36, Махари Эмрели 86 – Рамазан Оразов 29, Нұралы Әліп 35, Әділет Садыбеков 83

Алаңнан қуылған футболшы: Нұралы Әліп (35 минут) 

Әзербайжан: Шахруддин Магомедалиев (В) – Эльвин Джафаргулиев (Торал Байрамов 58), Бахлул Мустафазаде, Бадави Гусейнов, Ходжат Хагверди – Филип Озобич (Анатолий Нуриев 88), Эдди Исрафилов (Алексей Исаев 46), Озанджан Кекчю (Махари Эмрели 46) – Рамиль Шейдаев, Ренат Дадашов (Муса Гурбанлы 46);

Қосалқы құрам: Салахат Агаев (В), Эмиль Балаев (В) – Бахлул Ахмедзаде, Джалал Гусейнов, Антон Кривоцюк, Аббас Гусейнов – Эльвин Джамалов;

Бас бапкерДжанни Де Бьязи.

Қазақстан: Игорь Шацкий (В) – Тимур Досмағамбетов (Ян Вороговский 68), Нұралы Әліп, Александр Марочкин, Марат Быстров, Багдат Каиров – Аслан Дарабаев (Әділет Садыбеков 80), Исламбек Куат (К) – Эльхан Астанов (Абат Аймбетов 68), Рамазан Оразов (Самат Жарынбетов 80), Абылайхан Жұмабек (Сергей Малый 39);

Қосалқы құрам: Мухаммеджан Сейсен (В), Бекхан Шайзада (В) – Талғат Кусяпов, Темірлан Ерланов, Михаил Габышев – Роман Муртазаев, Артур Шушеначев; 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу