Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында топ жарды

1642

Дубайда өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында бокстан Қазақстан құрамасы жалпы есепте 1-орынға ие болды. Қайрат Сәтжановтың шәкірттері 8 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында топ жарды

Сонымен, Санжар Тәшкенбай, Нұрсұлтан Алтынбек, Әбдіғалы Әбдікерім, Ерасыл Ермек, Ернұр Сүйінбай, Абзал Серік, Бақберген Әлиасқаров, Темірлан Мұқатаевтар алтыннан алқа тақса, Мәди Әміров пен Даниял Сапарбай күміс жүлдегер атанды. Қола жүлде Арман Алматұлы мен Дәурен Мамырға бұйырды.

Жалпыкомандалық есепте Өзбекстан құрамасы 3 алтын, 3 күміс және бір қола медаль иеленіп, екінші орын иеленді. Ал үндістандық спортшылар 2 алтын, 3 күміс, 4 қола медальмен үздік үштік қатарын толықтырды.

Қыздарымыз да Дубайда өткен Азия чемпионатынан құр қол келген жоқ. Милана Аюпова, Аида Сарыбарова, Диана Мағауяева алтыннан алқа тақса, Айшагуль Елеубаева, Жулдыз Шаяхметова, Гаухар Шайбекова, Дана Дидай күміс, ал Гүлназ Брибаева, Гүлнар Тұрапбай, Хава Болкоева, Шахназ Исаева, Анар Тұрынбек қола жүлдегер атанды. Қыздар арасында медальдардың жалпы саны бойынша Өзбекстан құрамасы бес алтынмен көш бастаса, төрт алтын медальмен Үндістан құрамасы екінші орынға ие болды.

Жалпы, бокстан Азия чемпионатында  51 медаль сарапқа салынған болатын.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу