Қазақстан құрамасы бокстан U17 санатындағы Азия чемпионатында 16 медаль жеңіп алды

290

Бокстан Ташкентте (Өзбекстан) өткен U17 санатындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасы бокстан U17 санатындағы Азия чемпионатында 16 медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшылар 17 жасқа дейінгілер арасында 8 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.

Алтын медальді Нұрасыл Ғалым (50 келіге дейін), Хатшепсут Садвакасова (50 келіге дейін), Эмир Мухит (60 келіге дейін), Аяулым Оспанова (60 келіге дейін), Диана Надырбек (75 келіге дейін), Әлібек Алпамыс (80 келіге дейін), Сабыржан Сағым (80 келіден жоғары), Жансая Ержан (80 келіге дейін) жеңіп алды.

Балым Ғабитқызы (60 келіге дейін), Мейіржан Жүніс (63 келіге дейін), Ислам Сулейманоглы (66 келіге дейін) күмістен алқа тақты.

Милана Иншина (46 келіге дейін), Бекхан Уразбай (52 келіге дейін), Нұрислам Оңалбек (57 келіге дейін), Розалия Вайдеман (57 келіге дейін), Айлин Ходжамбердиева (70 келіге дейін) қола медальға ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу