Қазақстан құрамасы Босния және Герцеговинаға есе жіберді

1469

Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Босния және Герцеговина құрамасын қабылдады. Матч "Астана Арена" стадионында өтіп, 0:2 есебімен аяқталды.

Қазақстан құрамасы Босния және Герцеговинаға есе жіберді

Ойынның 25-минутында Смаил Превляк Стевановичтің оң қапталдан асырған пасын баспен қақпаға дәл бағыттап, есеп ашты. Ал 66-минутта дәл осы шабуылшы қақпашымен бірге-бір қалып, айласын асырды. Соңғы минуттарда Қазақстан құрамасы есеп айырмасын қысқартқан еді. Бірақ ереже бұзылғандықтан, бұл гол есепке алынбады.

Матч аяқталған соң футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов ойынға қатысты өз пікірімен бөлісе кетті.

"Біз жігіттерге үзіліс кезінде қарсыласқа көп уақыт бермеу керектігін және пас шығаруға мүмкіндік бермеңдер деп айттық. Алғашқы гол кезінде біздің қақпашы Стас та өз орнында болмады. Бізде тек сол қапталда ғана емес, оң қапталда да қиындықтар болды. Бұл бір адамның қателігі деп айтпаймын. Менде талдау жасауға уақыт болады. Жігіттермен сөйлесемін. Меніңше, Босния бізге шабуыл ұйымдастыруға уақыт берді. Біз ойынды жақсы бастадық. Ал үзіліс кезінде мен олардан: "Неге қорқасыңдар?" деп сұрадым. Бірақ бұл туралы кейінірек сөйлесейік. Біз бірінші нөмірмен ойнауға әлі дайын емеспіз. Бұл функционалды жаттығуларға ғана байланысты емес. Менің ойымша, бұл психология мен менталитетке тікелей қатысты. Біздің басымызда қарсылас бірінші нөмірмен ойнауға мүмкіндік бермейді деген ой қалыптасып қалған. Жігіттермен сөйлесіп, осы жағдайды талқылау керек", - деді Талғат Байсуфинов.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов 2022 Босния және Герцеговинамен болған матч (0:2) жайлы пікір білдірді.

"Бізде гол соғуға мүмкіндіктер болды. Жай ғана оларды пайдалана алмадық. Басқа айтар ештеңе жоқ. Біз бір команда ретінде ойнадық. Қарсыластар өздерінің мүмкіндіктерін пайдаланды. Бірақ біздің қолымыздан келмеді", - деді Зайнутдинов.

Талғат Байсуфинов шәкірттері келесі ойынын 12 қазан күні Финляндияға қарсы өткізеді. Аталмыш матч "Астана Арена" стадионында өтеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу