Қазақстан құрамасы Черногорияны ірі есеппен жеңді

1521

Қазақстан құрамасы футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кездесуінде Черногория құрамасын сенімді түрде жеңді. Подгорицада сырт алаңда өткен ойын 5:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Қазақстан құрамасы Черногорияны ірі есеппен жеңді

Қазақстандықтар бірінші таймның ортасында Леоның 11-минутта соққан голынан кейін алға шықты. Черногориялықтар сапынан 17-минутта Филип Маркович есепті теңестірді. Дегенмен 19-минутта Эдсон қазақстандықтардың бірінші таймда жеңіске жетуіне себепкер болды.

Екінші таймда қазақстандықтар 29-минутта 17 секунд ішінде тағы екі гол соқты. Алдымен Арнольд Кнауб, одан кейін Альберт Акбаликов черногориялықтар қақпасын дәл көздеді. 38-минутта Тайнан қорытынды есепті орнатты.

Черногория : Қазақстан
10.04  Лео (0:1)
16.48. Маркович (1:1)
18.27. Эдсон (1:2)
28.04. Кнауб (1:3)
28.21. Акбаликов (1:4)
37.12. Тайнан (1:5)
Барлық командалар топта екі матч өткізді:

Қазақстан – 6 ұпай

Словения – 3 ұпай

Черногория – 0 ұпай

Осылайша, Қазақстан құрамасы алты ұпай жинап, жеке дара 5-ші топта к-ш бастады. Үш ұпайы бар Словения құрамасы екінші, ал үшінші орында ұпай жинай алмаған Черногория құрамасы тұр. Пауло Рикардо Кака шәкірттері келесі кездесуін 9 қарашада Алматыда Черногорияға қарсы өткізеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу