Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының іріктеу матчына қатысады

836

Қазақстан құрамасы 3-4 ақпан күндері Росарио қаласының топырақ төсенішіндегі корттарында Аргентина құрамасына қарсы Дэвис кубогінің іріктеу матчын өткізеді. 

Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының іріктеу матчына қатысады Фото: insporttv.kz

Юрий Щукин бастаған бапкерлер құрамасы Александр Бубликтің олимпиада жолдамасын алуына басымдық беру жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның бірінші ракеткасы осы аптада Монпелье (Франция) турнирінде ойнайды. Егер осы додада сәтті өнер көрсетсе, Париж олимпиадасына қатысу мүмкіндігі ұлғаяды. Сонымен қатар Аргентинамен матчқа Бейбіт Жұқаев қатыспайтын болды. Ол жуырда Аустралиядағы жарыста жарақат алып қалды. Осылайша, Росариода ел намысын әлемнің 176-ракеткасы Денис Евсеев, сондай-ақ Тимофей Скатов, Дмитрий Попко және жұптық сында әлемдік рейтингіде 48-орында тұрған Александр Недовесов қорғайды.

Қазақстан мен Аргентина осыған дейін өзара екі рет ойнаған. 2011 жылы ¼ финалда қазақстандықтар Буэнос-Айресте 0:5 есебімен есе жіберді. Ал 2017 жылы Астанада плей-офқа іріктеу сатысында Қазақстан 3:2 есебімен ұтты. Әлемдік рейтингіде Қазақстан – 13, Аргентина 19-орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу