Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия ойындарында күміс медальға ие болды

197

Қазақстан құрамасы дзюдодан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия ойындарында күміс медальға ие болды Фото: Сали Сабиров

Отандастарымыз аралас командалық бәсекенің финалына дейін жетіп, Жапония құрамасымен кездесті. Нәтижесінде жапониялықтар 4:0 есебімен басым түсті.

Осылайша Қазақстан құрамасы аралас командалық жарыста екінші орын алды.

Бұл бағдарламада ұлттық құрама сапында Айдар Арапов, Ғұсман Қырғызбаев, Марат Байқамуров, Ажар Асхат, Аида Тойшыбекова, Меруерт Сәрсенова, Бақытжан Абдурахманов, Әділет Алмат, Дана Әбдірова, Эсмигүл Куюлова, Ерасыл Қажыбаев, Екатерина Токарева өнер көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу