Қазақстан құрамасы Эйндховенде 4-нәтиже көрсетті

822

Қазақстандық шахматшылар Дүниежүзілік жастар шахмат олимпиадасына қатысты.

Қазақстан құрамасы Эйндховенде 4-нәтиже көрсетті Фото: Ербол Каиров

Нидерландының Эйндховен қаласында 16 жастан жоғары шахматшылар арасында өткен Дүниежүзілік жастар шахмат олимпиадасы мәресіне жетті. Жалпы есепте 1 орынды  Қытай құрамасы, 2 орынды Түркия, 3 орынды Грекия иеленді. Қазақстан шахмат федерациясы мәлім еткендей, ел құрамасы Грекиямен бірдей командалық ұпай жинады. Бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша жеңіліс тапты. Еліміздің жас шахматшылары (Аңсат Алдияр, Алуа Нұрманова, Даниял Сапенов және Эдгар Мамедов) Грузия, Үндістан, Израиль, Украина және т.б. көптеген мықты құрамаларды артқа тастап, олжалы төртінші орынға табан тіреді. Құрамамыз жүлдесіз қалған жоқ. Алуа Нұрманова жеке біріншілікте қола медальға ие болды.

Олимпиадаға Қазақстанның бірден бес ұлттық командасы қатысты. "Қазақстан-2" құрамасы (Сауат Нұрғалиев, Сүлейман Ерғали, Бексұлтан Молдағали және Аяулым Қалдарова) соңғы айналымға дейін медаль иеленуге үміткер болып, алтыншы орынды жеңіп алды.

Қалған үш командамыз орташа нәтиже көрсетті (17, 24 және 38-ші орындар), дегенмен, есесіне баға жетпес тәжірибе жинады. Әр команданың өз жетістіктері мен қаhармандары бар. Мысалы, "4-құрамада" Мирас Асылов бірінші тақтада тамаша ойын көрсетіп, команда жетекшілері арасында үздік нәтижелердің бірін көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу