Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алды

1278

Футзалдан Қазақстан құрамасы Венгрияда өткен ойында қарсыластарын 6:1 есебімен жеңді.

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алды

Кака шәкірттері төрт ойында төрт рет жеңіске жетіп, 2022-жылғы Еуропа Чемпионатының жолдамасын жеңіп алды. Еуропа додасы 2022-жылдың 19-қаңтары мен 6-ақпаны аралығында Нидерландыда өтеді. 

Кездесу аяқталған соң Венгрия құрамасының бас бапкері Йожеф Турзо ойынға қатысты өз пікірін білдірді.  

"Егер біз қателік жіберетін болсақ, Қазақстан құрамасы мұны пайдаланатынын білдік және айтқанымыз айдай келді. Өйткені біз қонақтардың голдарына дейін бірнеше қателік жібердік. Матчтың нәтижесінен көңілім толмады. Ойыншылар біз талқылаған нәрсені ұстануға тырысты. Бірақ бұл жолы жеткіліксіз болды

Біздің қарсыласымыз әлемдік деңгейде өнер көрсетеді. Олар әсіресе, шабуылда мықты және мұны бізге қарсы матчта дәлелдеді. Біз бұл ойынды тезірек ұмытып, енді келесі аптада Беларуссия құрамасымен кездесуге дайындалуымыз керек. Мақсатымызға жетуге әлі де мүмкіндігіміз бар және оған жету үшін топтың соңғы матчында барлық мүмкіндікті пайдалануымыз керек", - деді Турзо.

Бұған дейін футзалдан еліміздің құрамасы 2016-жылы Сербияда, 2018-жылы Словенияда өткен Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінің финалында өнер көрсеткен болатын. Енді Қазақстан құрамасы келесі ойындарын Нұр-Сұлтан қаласында 9 және 11 сәуір күндері Израильге қарсы өткізеді. 

Венгрия – Қазақстан – 1:6

Голдар: Дрот 24 – Есенаманов 5, Валиуллин 9, Тайнан 10, Надь (автогол) 15, Дуглас 23, Ақбалықов 33

Қазақстан: Игита (қ) (к), Тайнан, Нұрғожин, Тұрсағұлов, Дуглас – Байдулла (қ), Қарағұлов, Валиуллин, Ақбалықов, Есенаманов, Кнауб, Досов, Балтабаев.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу