Қазақстан құрамасы Еуропадағы жорығын аяқтады

1120

Қазақстан мен Люксембург құрамалары жолдастық кездесу өткізді.  

Қазақстан құрамасы Еуропадағы жорығын аяқтады

Матч 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Екінші минутта ерекше көзге түскен "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Әділет Садыбековтің дебюттік голынан кейін Қазақстан құрамасы алға шықты. Люксембург 24-минутта Герсон Родригестің күшімен есепті теңестірді. Ал  екінші 45-минутта екінші голды соқты. Гол авторы Данел Синани. Ол айып алаңының сыртынан қақпаға бағыттады. Қақпаға тиер алдында доп Александр Марочкинге тиіп, траекториясын өзгертіп, Игорь Шацкийді адастырды. Осылайша Қазақстан құрамасы бес күн ішінде екінші рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, 21 жастағы алматылық жартылай қорғаушы үшін бұл гол оның ұлттық құрамадағы дебюті болды. Садыбеков үшінші кездесуін өткізіп, бірінші рет негізгі құрамда ойнады. Сонымен қатар, Садыбековтің голы Қазақстан құрамасының тарихындағы ең жылдам гол болды. Бұған дейін шабуылшылар Болат Есмағамбетов пен Алексей Щеткин жылдам голдар соққан болатын.

1997 жылы 11 мамырда Алматыда өткен Пәкістанға қарсы ойында (3:0) Есмағамбетов екінші минутта есеп ашты. Ал Щеткин Кипрге қарсы ойында (1:2) екінші минутта гол соқты. Ойын 2019 жылдың 6 қыркүйегінде Никосияда өткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу