Қазақстан құрамасы FIFA Series турнирі аясында Комор аралдарымен кездеседі

163

Талғат Байсуфинов шәкірттері Комор аралдары құрамасына қарсы өтетін матчқа қызу дайындық үстінде.

Қазақстан құрамасы FIFA Series турнирі аясында Комор аралдарымен кездеседі Фото: KFF

31 наурыз, сейсенбі күні Астана қаласындағы "Астана Арена" стадионында FIFA Series 2026 турнирі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Комор аралдарына қарсы матч өткізеді. Кездесудің тікелей трансляциясы 17:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы ойынында Намибияны 2:0 есебімен жеңді. Матчтың 12-минутында Ян Вороговский есеп ашса, 79-минутта Әлібек Қасым мергендігімен көзге түсті.

Ал Комор аралдары құрамасы алғашқы кездесуін Намибияға қарсы өткізіп, негізгі уақытта жеңімпазды анықтай алмады. Ойыннан кейінгі пенальти сериясында Намибия құрамасы 5:4 есебімен басым түсті.

Матч алдындағы ресми шаралар бүгін, 30 наурыз күні өтеді. Сағат 16:30-да Қазақстан құрамасының баспасөз мәслихаты ұйымдастырылса, 17:00-де команда ойын алды жаттығуын өткізеді (алғашқы 15 минуты ашық). 18:00-де Комор аралдары құрамасының баспасөз мәслихаты өтіп, 18:30-да олардың да жаттығуы (15 минут) басталады.

Қазақстан құрамасы турнирдегі екінші ойынында жанкүйерлер алдында жеңісті сериясын жалғастыруға тырысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу