Қазақстан құрамасы Финляндиядан минималды есеппен жеңілді

1492

Келесі матчы Қазақстан құрамасы 7-қыркүйек күні Босния және Герцоговинаға қарсы өткізеді.

Қазақстан құрамасы Финляндиядан минималды есеппен жеңілді

Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Финляндияға есе жіберді. Хельсинкидегі Олимпиадалық стадионда өткен матч 1:0 есебімен аяқталды.

Бірінші таймда қос команда да гол соғатын мүмкіндіктер жасағанымен есеп аша алмады. Ал екінші тайм бастала салысымен Ян Вороговский айып алаңның сыртынан керемет соққы жасап еді, Лукаш Градецки өз орнынан табылды. Ал 60-минутта Уроненнің қапталдан асырған пасын Похьянпало баспен қақпаға дәл бағыттады. Ал Шацкий бұл допқа жете алмады.

Бұл ойыннан кейін алаң иелері 5 ұпаймен Д тобында екінші орынға көтерілді. Ал Талғат Байсуфинов шәкірттері 2 ұпаймен соңғы орында тұр.

Матч аяқталған соң Ұлттық құраманың бас бапкері ойынға қатысты өз пікірін білдірді.

"7 қыркүйекке дейін біз бұл ойынды талдайтын боламыз. Ал бір айдан кейін қайтадан Финляндия мен Босния және Герцеговина құрамаларына қарсы ойнаймыз. Сондықтан бізде бұл ойынды талдауға уақыт жеткілікті болады. Өкінішке орай, бүгін 1:0 есебімен ұтылып қалдық.

Біз Еуропа чемпионатында өнер көрсеткен командаға қарсы ойнадық. Әрине, олардың ойындарын бақыладық. Негізінен, Скандинавия түбегіндегі командалар әуедегі доптарға жақсы таласады. Оның ішінде Босния және Герцеговина құрамасы да бар. Бұл олардың басты қаруы болып табылады. Похьянпалоның да қалай ойнайтынын білдік, бірақ гол шынымен де әдемі болды, өкінішке орай, қақпашымыз бұл допқа жете алмады", - деді Талғат Байсуфинов.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу